Alternativa Film Festival Колумбияда өтеді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қазақстандық «Әбіл» фильмі Скандинавия кинофестивалінде көрсетіледі
Alternativa Film Festival 2026 кинофестивалі Колумбияда өтеді / Фото: shutterstock

Alternativa Film Festival 2026 кинофестивалі Колумбияда 10 маусым мен 10 қазан аралығында өтеді. Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Азия мен Орталық Азия, Латын Амемрика елдерінің кез-келген жанрдағы толықметражды фильмдері қатыса алады. Бұл туралы Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен 40-шы халықаралық кинофестивальде айтылған.

Alternativa Film Festival-ға жаһандық оңтүстік елдердің өнер иелері қатыса алады. Alternativa бүгінгі күні Орталық Азияда да дами бастады. Жақын арада Алматыда Alternativa Film Days көрсетілімі өтеді. Бұл шарада көрермендер шорт-листке ілінген туындыларды көріп, 2024 жылдың жеңімпаздарының туындыларын тамашалауға мүмкіндік алады.

Ал күзде Impact Distribution Lab фильм дистрибуциясымен айналысатын кинематографистерге арналған жоба жүзеге асырылады.

Сонымен бірге фестивальдің жаңа кезеңінде марапат қоры 120 мың долларға дейін ұлғайтылмақшы. Жалпы, өткен жылы фестивальге қатысуға 33 елден мыңнан аса өтініш түскен. Ал 2024 жылы фестивальдің шорт-листіне Орталық Азиядан Айжан Қасымбектің «Мадина» және (Қазақстан), Дальмира Тілепбергеннің «Дар» (Қырғызстан) туындылары ілінген.

Сондай-ақ оқыңыз