Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сүрілді

Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін Қалалық құрылыс бақылау басқармасы «Теректі» шағынауданындағы Айналма көшесі, 183-учаскеде орналасқан заңсыз нысанды бұзу басталғанын хабарлады. Бұған дейін бұл тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген болатын», – делінген баспасөз хабарламасында.
Тұрғын үй кешенін кім салған?
Заңсыз тұрғын үй кешені құрылысын «Investment Stroy» ЖШС жүргізген. Компания нысанды қажетті құжаттарсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.
Бұдан кейін компанияға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірілген. Әкімдік нысанды бұзып, қазылған котлованды көмуді сұраған.
2023 жылғы 12 шілдеде сот Құрылыс бақылау басқармасының бұл талаптарын қанағаттандырған. Компания сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірген. Алайда Алматы қалалық соты алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.
«Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың күзінде Алматының Бостандық ауданында қымбат Monblanc тұрғын үй кешені сүрілген болатын. Жалпы 2024 жылы «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» сынды тұрғын үйлер бұзылған.