Алматылық дәрігерлер сирек ми патологиясы бар сәбиге сәтті ота жасады

Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге әлемде тек 30 рет тіркелген сирек ми патологиясы бойынша аса күрделі ота жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің бағалауынша, балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері қазақ медицина тарихына кіретін оқиғаның басты кейіпкерлері болды.
Сәбидің өмірін секундтар сақтайтын еді
Нәресте дүниеге келген сәтінен бастап дем ала алмай, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бет пен мойын аймағында пайда болған көлемді түзіліс тыныс алу жолдарын жауып тастады.
Алғашқы болжам – лимфангиома еді. Бірақ зерттеу нәтижелері оның күрделі әрі өте қауіпті екенін көрсетті. Өскін жұтқыншақ, көмей және шайнау бұлшықеттеріне дейін таралып, маңызды жүйке және қан тамырларын зақымдаған.
Зергерлік дәлдікті талап ететін ота
Алматылық дәрігерлер алдында жедел әрекетті қажет ететін аса күрделі мәселе тұрды. Сондықтан, бірнеше консилиум өткізіліп, отаның тактикасы мұқият әзірленді. Отаға жақ-бет хирургі Серік Нұрмағанов, реаниматолог Ұлықпан Әлсейітов және хирург Саматбек Мырзахмет жетекшілік етті. Екі сағатқа созылған операция нәтижесінде нәресте алғаш рет еркін тыныс алды.
Сирек диагноз: ми тініне ұқсас өскін
Гистологиялық талдау нәтижесі дәрігерлерді қатты таңғалдырды. Алынған тін ми жасушаларынан құралған болып шықты. Бұл гетеротопиялық ми тіні – эмбриондық даму кезінде ми жасушаларының бас сүйек сыртына орын ауыстыруынан туындайтын сирек аномалия. Дүниежүзілік медицинада көмей-жұтқыншақ аймағында осындай жағдай бар-жоғы 30 рет кездескен.
Өмір үшін арпалыс
Қазір нәресте толық оңалды. Өздігінен дем алып, тамақтануды үйренген. Үйіне шығарылды. Алматылық дәрігерлердің жоғары кәсібилігін айтпағанда, бұл оқиға пренаталдық диагностика мен ерте араласудың маңыздылығын көрсетті.
2024 жылы орталықта 49 нәрестеге күрделі ота жасалса, 2025 жылдың басынан бері 24 сәби жедел хирургиялық көмекке мұқтаж болған.
Мұның алдында елімізде бүйрек, жүрек және қант диабеті ауруларының дәрісі шығарыла бастағаны туралы жазған едік.