Австриядағы мектепте болған атыстан бес адам қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Австриядағы мектепте арнайы операция өткізіліп жатыр / ашық дереккөзі
Австриядағы мектепте арнайы операция өткізіліп жатыр / ашық дереккөзі

Австриядағы мектепте болған атыстан кемінде бес адам қаза тапты. Белгісіз біреу мұғалімдер мен оқушыларға оқ жаудырған.

Оқиға Грац қаласында болған. Бұл туралы еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлай бастады.

Арнайы операция жүргізіліп жатыр

Атыс кезінде түсірілген куәгерлердің бейнежазбалары да тарап жатыр.

Оқиға орнына полиция шұғыл жетіп, арнайы операция жүргізуде. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны мен шабуылдың себебі туралы ресми ақпарат берілген жоқ.

Грац туралы не білеміз?

Грац – Австрияның оңтүстік-шығысында орналасқан, елдегі ең ірі екінші қала. Онда бірнеше жоғары оқу орны мен халықаралық ұйымдардың бөлімшелері орналасқан.

Тергеу жалғасуда

Австриядағы мектепте – оқиға орнында қауіпсіздік қызметтері жұмыс істеп жатыр. Полиция жағдайды бақылауға алып, тергеу амалдарын бастады. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі басты назарда.

Айта кететін жайт, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында атыс болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз