«Мен үйдемін» – экс-қорғаныс министрі қамалғанын жоққа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Экс-қорғаныс министрі қамауға алынғанын терістеді/ фото: gov.kz
Экс-қорғаныс министрі қамауға алынғанын терістеді/ фото: gov.kz

Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзінің үйде екенін, отбасымен бірге еңбек демалысын өткізіп жатқанын айтты.

Tenginews ақпаратына қарағанда, ол қазір үйінде жүр. Тіпті, журналистер өзіне тікелей қоңырау соғып хабарын білген.

«Мен үйдемін. Отбасыммен бірге еңбек демалысында жүрмін», – деп қысқа қайырды Руслан Жақсылықов.

Айта кететін жайт, мұның алдында экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Артынша кейбір дереккөздер мұның фейк екенін айтып жатты. Екінші бір дереккөз оның үйінде тінту жүргенін таратты.

Алайда экс-қорғаныс министрі өзі үйінде отырғанын көрсетіп, мұның бәрін терістеді.

Сондай-ақ оқыңыз