Мектептегі мұғалімдердің үштен бірі ата-аналардың қысымына ұшырағанын айтқан

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мектептегі мұғалімдердің 70 пайызы қағазбастылықтың артқанын көрсеткен / фото: ИИ
Мектептегі мұғалімдердің 70 пайызы қағазбастылықтың артқанын көрсеткен / фото: ИИ

Мектептегі мұғалімдердің 30 пайызы ата-аналардың шүйлігуі мен психологиялық қысымды басты түйткіл ретінде көрсеткен.

NG ақпаратына қарағанда, жалпыресейлік халық майданы осындай сауалнама қорытындысын жариялапты.

Сұрау салу ақпан-сәуір аралығында ресейлік 65 мың ұстаз арасында жүргізілген. Сонымен қатар оған 195 мың оқушы мен олардың ата-аналары мен заңды өкілдері қатысқан.

«Мұғалімдер жұмысында тап келетін негізгі қиындықтар – бюрократиялық жүктеме мен ата-аналар тарапынан буллинг. Ата-аналар тарапынан шүйлігу және психологиялық қысым жасалатынын сұралғандардың 30 пайызы көрсетіп берген», – делінген хабарламада.

Ресейде мұғалімдердің арасындағы қағазбастылық соңғы 3-4 жылда артып кеткен. Мұны сұралғандардың 70%-ы нақтылаған.

Сонымен қатар мұғалімдер мектеп әкімшілігінен жеткілікті деңгейде қорғалмағанын жеткізген.

Мұның алдында елімізде «Келешек мектептеріне» жаңа платформа арқылы жас мұғалімдердің іріктелу тәртібі туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз