Жаңалықтар

Келуіне тыйым салынған Тина Канделаки тағы да Қазақстанға шүйлікті

Тина Канделаки тағы да Қазақстанға қыр көрсетуге ұмтылды / shutterstock
Тина Канделаки тағы да Қазақстанға қыр көрсетуге ұмтылды / shutterstock

Тина Канделаки Қазақстанға тағы да шүйлікті. Бұл жолы оған Қазақстан мен  Ұлыбританияның арасындағы әскери ынтымақтастық ұнамай қалыпты.

Ресейлік БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, ол өзінің Қазақстанның жауына айналғанын жасырмаған.

«Ресейдің дұшпандары тізімінде алғашқы тұрған елмен әскери ынтымақтастық жасау – теміржол стансаларының атын өзгерту емес. Маңыздырақ нәрсе», – деп жазды ресейлік үгіт-насихатшылардың бірі Тина Канделаки.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жаңалық «қазақстандық министрліктің сайтынан жоғалып кеткен» көрінеді.

Бір қызығы, үгіт-насихатшы Еуроодақ құрамындағы Венгрия мен Словакияның Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімінен ешқандай сөкеттік көрмейді. Ал өзі Қазақстанның Ұлыбританиямен әскери ынтымақтастығына көз алартып отыр.

Тіпті, Украинаны меңзеп, қоқан-лоқы жасаудан тайынбаған.

«Жамандықта жолыққандардың бәрі осындай іс бастаған. Қазақстанда тарихты оқымайтын сияқты. Тек ойдан шығарғаны болмаса», – деп қатуланған Тика Канделаки.

Мұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі теміржолға қатысты мәлімдемесіне кейін, оның Қазақстанға келуіне тыйым салған болатын.

Мұның алдында Тина Канделаки Қырғызстанды да «русофобия» үшін айыптаған еді.