«Құны 440 теңге» – Алматыда тұрғын емес үй-жайлар су тегін берілмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Үй-жайлар «Алматы» ӘКК сайтында жарияланатын ашық конкурс арқылы ұсынылады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үй-жайлар «Алматы» ӘКК сайтында жарияланатын ашық конкурс арқылы ұсынылады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен үй-жайлар берілмек. Тұрғын емес үй-жайлардың бағасы нарықтан бірнеше есе арзан.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  оларды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге жалға беруді ұсынады.

Жалдау құны – небәрі 440 теңге

2025 жылғы есеп бойынша, жалдау бағасы бір шаршы метрге – 440,3 теңге. Бұл — Алматыдағы орташа нарықтық бағамен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Тігін цехы / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тігін цехы / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кімдер қатыса алады?

Бос үй-жайлар «Алматы» ӘКК сайтында жарияланатын ашық конкурс арқылы ұсынылады. Үміткерлер инклюзия, денсаулық сақтау, білім беру, креативті индустрия секілді салалардағы әлеуметтік жобалар арқылы қатыса алады.

2 ай тегін

Жалға алу мерзімі – 3 жылға дейін. Әрі 2 ай тегін берілмек. Үй-жайға кәсіпкердің өзі жөндеу жұмыстарын жасай алады.

Кәсіпкерлікке қолдау жасалады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кәсіпкерлікке қолдау жасалады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қандай жобалар қолдау тапты?

Қолдау алған бірнеше жоба бар. Олардың қатарында мүгедектерді оңалту орталықтары, ерекше балаларға арналған логопед, дефектолог, нейропсихолог курстары, әйелдерге, жасөспірімдер мен зейнеткерлерге арналған шығармашылық шеберханалар бар.

Сонымен қатар әлеуметтік осал топтар санатындағы әйелдерді жұмысқа тарта отырып, тігін өндірісі ұйымдастырылды.

221 жаңа жұмыс орны құрылды

Бұл бастама – мемлекет пен әлеуметтік бизнестің тиімді әріптестігі нәтижесінде Алматыда 221 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыз