Алматыдағы ескі автобустар 160 млн долларға сатылды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Фото:time.kz

Алматыдағы ескі автобустар аукционда 160 млн теңгеге сатылды. Бұл жайлы e-auction сайтында жазылған.

Аукционға 573 транспорт шығарылды. Саудаға шығарған – «Алматыэлектротранс» автопаркі. Лоттың бастапқы құны 93 млн теңгені құрады. Сауда 3 маусымда басталды. Сайттағы дерекке сенсек, қоғамдық көліктерді 160 млн теңгеге сатылған.

Келісімге сәйкес, аукцион жеңімпазы 60 күн ішінде транспорттарды автокөліктер жатқан «зираттан» алып кетуі керек. Ол Алматының солтүстігінен 50 шақырым жерде орналасқан. Қазір ондағы ең ескі автобус 2010 жылы жасалған, қытайлық Yutong маркасы. Ал ең жаңасы 2018 жылы шығарылған.

Өткен айда Алматы әкімдігі қала үшін жаңа автобустар мен электробустар сатып алмақшы екенін хабарлаған еді. 700 автобус пен 100 электробусты миллиардер Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан сатып алмақшы.

Сондай-ақ оқыңыз