Бірнеше кредиті бар азаматтар оларды біріктіріп төлей алады

Жарияланды 10 Маусым 2025 20:17

(жаңартылды 11 Маусым 2025 08:11)
Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Енді бірнеше кредиті бар қазақстандықтарға оны қайтару жеңілдей түседі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі борышкерлерге бірнеше проблемалық несиені біріктіріп өтеуге мүмкіндік беретін жаңа ережелер әзірледі

Құжатқа сәйкес, бірнеше мерзімі өткен қарызы бар азаматтар өз берешектерін біріктіріп, кредиторлармен бірге реттеу рәсімінен өте алады.

Қандай жағдайда мүмкін болады?

  • Микроқаржы ұйымдарындағы қарыз – 90 күннен аса кешіктірілген;
  • Банктік қарыз – 180 күннен аса мерзімі өткен;
  • Қамтамасыз етілмеген (яғни кепілсіз) қарыздар;
  • Жалпы қарыз сомасы 1600 АЕК-ке (шамамен 6,3 млн теңге) тең борышкерлер жаңа мүмкіндікті пайдалана алады.

Жоғарыдағы тізімге енген тұлғалар банкке барып, барлық қарыздарын біріктіріп, оларды бірге төлей алады немесе жаңа төлем кестесін жасау мүмкіндігі бар.

Банктер борышкерді бұл жеңілдікті ұсыну үшін оның барлық айыппұлы мен өсімпұлын кешіруі керек. Сондай-ақ алты айға дейін төлемге жеңілдік беру мүмкіндігі де қарастырылған.

Жаңа ереже жобасы 20 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Осыған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының несие беруіне жаңа өзгеріс енгізді. Енді бір азаматтың бір банкте төленбегеніне үш айдан асқан (90 күн) қарызы болса, ол басқа банктер немесе шағын несие ұйымынан тағы несие ала алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз