Германияның ұлттық әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерін тоқтатады
Жарияланды
(жаңартылды )

Германияның ұлттық әуетасымалдаушысы Қазақстанға баратын рейстерді тоқтатады. Бұл туралы Travel Radar жазады.
Lufthansa компаниясының Германия-Қазақстан арасындағы рейстерді тоқтатуына ұшақтар мен оның бөлшектерінің жетіспеуі себеп болған.
Әуе рейстері 2025 жылдың 26 қазаны мен 2026 жылдың 29 наурызы арасында тоқтайды.
Қазір Lufthansa аптасына бес рет Қазақстанға рейстер орындайды. Алматы мен Астананың халықаралық әуежайы мен Франкфурт әуежайы арасындағы тікелей бағыттар бар.
Осыған дейін, Шымкенттен Мюнхенге ұшатын жаңа рейс ашылғанын жазған едік. Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұшады. Әуе ұшақтары аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды.