Инстаграмда жасөспірімдерге арналған аккаунттар пайда болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жасөспірімдерге арналған аккаунт
Фото: shutterstock

Енді инстаграмда  16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға арналған жаңа «Жасөспірімдерге арналған аккаунттар» пайда болады. Бұл жайлы цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнермен кездесуінде айтылды.

Бұл функция аясында ата-аналар баласының аккаунтына қарай алатын адамдарға шектеу қоя алады. Сондай-ақ:

  • жасөспірім көретін аккаунтқа сүзгі орната алады
  • пікірлер мен хабарламаларда қорлайтын сөздерді автоматты түрде бұғаттау жүзеге асырылады
  • жарияланымдарды бейтаныс қолданушылардан жасыруға, түнгі уақытта хабарламалар туралы ескертулерді өшіруге болады
  • пайдалану уақытын шектей алады.

Министрлік дерегінше, бұл функция халықаралық зерттеулер мен ата-аналардың сараптамалық ұсыныстары негізінде әзірленген. Жақын арада Қазақстандағы қолданушылар да пайдалана алады.

Одан бөлек Мәдиев пен Meta өкілдерімен кездесуінде жасанды интеллектіні дамыту, кадрларды даярлау, киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Соңғы айда Қазақстан үкіметі Meta компаниясының өкілдерімен жолығуын жиілетті. Ең алдымен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Meta-ның мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Али Азизпен кездескен. Екі тарап қазақстандық интернет кеңістігіндегі жалған ақпаратпен күресуді талқылаған еді.

Осыдан кейін шкі істер министрі Ержан Саденов та Сарим Али Азизпен жолығып, киберқылмыспен бірігіп күресетін болып шешті.

Сондай-ақ оқыңыз