Тимур Турловқа тиесілі Freedom Broker Қырғызстанда ашылды

Жарияланды 10 Маусым 2025 19:37

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: Freedom Broker

Бүгін Қырғызстанда Freedom Broker-дің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Сыдыков Бақыт Толомушевич, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, банк секторының, ірі отандық компаниялар мен инвесторлардың өкілдері қатысты.

Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігіне қарасты Қаржы нарығын реттеу және қадағалау қызметі мен Freedom Holding Corp. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: Freedom Broker

Меморандумның мақсаты — бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ету, қаржылық қызметтерді цифрландыру және халықтың инвестициялық мәдениетін арттыру. Freedom Broker Қырғызстанға тек халықаралық ойыншы ретінде ғана емес, сонымен қатар жергілікті инвесторлар, бизнес және халық үшін сенімді серіктес ретінде келіп отыр.

«Бүгін біз Қырғызстанда және тұтас Орталық Азияда өз позициямызды нығайту жолында маңызды қадам жасап отырмыз. Біздің мақсатымыз — осы нарыққа үздік технологиялар, заманауи сервис және жоғары кәсіби тәжірибе алып келу. Қырғызстанның қаржы жүйесін дамытуға шынайы мүдделіміз. Сондықтан ұлттық компаниялардың IPO-ға шығуына қолдау көрсетуге, құқықтық базаны жетілдіру бойынша реттеушімен бірлесіп жұмыс істеуге және қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламаларына белсенді қатысуға дайынбыз», – деді Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов.

Freedom Broker – 2024 жылдың тамыз айында Қырғызстанда брокерлік қызметке лицензия алған және Қырғыз қор биржасының сауда қатысушысы. Қолайлы цифрлық шешімдер арқылы Қырғызстан инвесторлары NYSE, NASDAQ, LSE секілді әлемдік ірі биржаларда акциялар, облигациялар және басқа да құралдармен тікелей сауда жасай алады.

Сондай-ақ оқыңыз