Қытай банктерге Лабубу қуыршағымен клиент тартуға тыйым салды

Жарияланды 10 Маусым 2025 13:27

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қытай банктерінің бірі Лабубу қуыршағы арқылы акция жүргізген / фото: shutterstock
Қытай банктерінің бірі Лабубу қуыршағы арқылы акция жүргізген / фото: shutterstock

Қытай билігі елдегі банктерге сыйлықтармен, соның ішінде жұрт қатты қызығатын Лабубу қуыршақтарымен клиент тартуға тыйым салды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Осының өзі Қытайда қаржы мекемелерінің клиент үшін таласы қызғанын көрсетеді деп топшылады басылым.

Мәліметтерге қарағанда, қадағалаушы мекеме Чжэнцзян провинциясындағы банктерге тұтынушы тарту үшін талапқа сай емес әдістерді қолданбауға кеңес берді. Себебі осының алдында ғана жергілікті қаржы мекемелерінің бірі Labubu қуыршағын сыйға тартатын жармана акциясын ұйымдастырған.

Банк депозитке 50 мың юань (шамамен 7 мың доллар) құйған азаматтарға осындай сыйлық ұсынған. Маркетинг әдісі әлеуметтік желілерде вирус секілді тарап, тұтынушыларды қызықтыра түскен. Артынша мемлекеттік БАҚ қаржы ұйының әрекетін «ұзаққа бармайтын шешім» деп сынаған.

Артынша мемлекеттік БАҚ қаржы ұйының әрекетін «ұзаққа бармайтын шешім» деп сынаған.

Қытай кредиторлары қазір депозит қабылдау мен маржаны сақтау арасында тепе-теңдік табуға тырысып жатыр. Өйткені елдегі ірі банктер мамырда депозиттер бойынша сыйақы мөлшерін тағы да түсірді. Шағын қаржы мекемелері де солардың артынан еруге мәжбүр болды. Қазір Қытайда депозит бойынша сыйақы 1%-дан сәл ғана асады.

Лабубу ойыншықтары — соңғы жылдары TikTok пен Instagram-да вирусқа айналған коллекциялық фигуралар. Оларды Toy City мен POP MART сияқты танымал дизайнерлік ойыншық өндірушілері шығарады.

Қуыршақ былтыр Азияда танымал бола бастады. Ал биыл көктемде әлем бойынша сатылымы ең жоғары өнімге айналды. Рианна, Дуа Липа сынды эстрада жұлдыздары Labubu ойыншығын сөмкелеріне тағып, көпшілік алдына жиі шығатын болды. Жұлдыздар жарнамасынан кейін ойыншыққа қызығушылар да күрт көбейді.

Сондай-ақ оқыңыз