Абай облысының оқушыларына жазғы демалысқа ерекше ермек ұсынылып отыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Абай облысының оқушыларына жазғы демалысқа ерекше ермек ұсынылып отыр
Абай облысының оқушыларына жазғы демалысқа ерекше ермек ұсынылып отыр/Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысында мектеп оқушыларына арналған жазғы кәсіби бағдарлау лагерлері ашылды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өңірде колледждер базасында 10 жазғы лагерь іске қосылды, онда оқушылар түрлі кәсіби бағыттар бойынша алғашқы практикалық тәжірибе алып жатыр. Биыл шамамен 600 баланы қамту жоспарланған.

Жаңа форматтағы лагерьлердің бірі — Бесқарағай колледжінің базасындағы экологиялық-аграрлық «ЭКОorman» лагері. Мұнда балалар ландшафттық дизайн, жылыжай шаруашылығы, флористика, ауыл шаруашылығын механизациялау негіздерімен танысады.

«SmartKriS» цифрлық лагері IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжінің базасында істейді. Ол екі ауысымда ұйымдастырылған. Оқушылар робототехника, бағдарламалау, веб-дизайн, CAD-графика бағыттарын меңгеруде. Оқыту WorldSkills стандарттарына сай практикалық тапсырмалар мен ойын кейстері арқылы өтеді.

Политехникалық колледжде шығармашылық бағыттағы «Summer Camp» лагері ашылған. Бағдарлама екі жас санатына бөлінген. Балалар тігіншілікпен, аспаздықпен айналысып, фетр мен моншақтан бұйымдар жасайды, шеберлік сағаттарына және спорттық жарыстарға қатысады.

Биыл алғаш рет Үржар колледжінде «Үржар-Айым» лагері ашылған. Мұнда ауылдық мектеп оқушылары ұстаздарымен бірге аграрлық іс, ветеринария, аспаздық, дәнекерлеу және басқа да қолданбалы бағыттар бойынша тәжірибе мен шеберлік сабақтарынан өтіп жатыр.

Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде SFEK Summer Camp лагері жұмыс істейді. Мұнда оқушылар графикалық дизайн, веб-әзірлеу, бухгалтерлік есептің негіздері және мобилографияны меңгереді. Сондай-ақ көшбасшылық, командада жұмыс істеу және тайм-менеджмент бойынша тренингтер қарастырылған.

Шәкәрім атындағы Семей жоғары колледжі «Толағай» лагерін іске қосқан. Онда ұлттық мәдениет, экология және денсаулық тақырыптарына баса назар аударылған. Бағдарламада қолданбалы өнер, музыка, викториналар, логикалық ойындар қамтылған.

Электротехникалық колледж практикалық бағыттағы IT лагерін ашқан. Оқушылар стартап-жобаларға, хакатондарға қатысып, цифрлық саладағы өндірістік процестерді меңгеруде.

Биыл жазғы кезеңде ел бойынша жалпы 10 мыңнан астам лагерь жұмыс істеп, 3,2 млн бала демалыспен Жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь ашылады.

Сондай-ақ жазда оқушылар музей мен театрларға тегін бара алады.

Сондай-ақ оқыңыз