Жаңалықтар

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды/Видео кадры

Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұловты, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асанды соттады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылған.

«Смағұлов, Полатбеков және Асанға жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды», – делінген Антикор ақпаратында.

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылған.

Сот актісі заңды күшіне енген.

Бұған дейін, жемқорлық қылмысына байланысты, анығы су тасқынынан кейін үй салуға бөлінген 300 млн теңгені ұрлаған шенеунік сотталған.