LRT-ның алғашқы вагондары рельске көтерілді

Астанадағы LRT құрылысын жүргізіп жатқан Сity Transportation Systems компаниясы №101 бекетте екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік құрамын көтеру сәтті жүзеге асқанын хабарлады.
Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып штаттық режимде өткен.
Компания құрамды көтеру LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі екенін атап өтті. Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрмақ.
«LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз», – деuty «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Құрылысы 14 жылға созылған LRT биыл күзде сынақ режимінде іске қосылады деп күтіліп отыр.