Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқартуға қатысты соты кейінге қалдырылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Токмади
Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқартуға қатысты соты кейінге қалдырылды/фото: instagram.com/djamilyatokmadi, бильд-редактор Милош Муратовский

Алматы облысының Алатау қалалық сотында банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10 жыл 6 айға сотталған Мұратхан Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші бойынша сот отырысы өтті.

Онлайн өткен процесс барысында жәбірленушілердің адвокаты сот отырысына уақтылы әрі сапалы дайындалуға мүмкіндік алуы үшін отырысты кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді. Олардың сөзінше, отырыс өтетінін 9 маусым күні ғана білген.

Судья өтінішті қанағаттандырып, сот отырысын 13 маусым 10:20-ға ауыстырды.

Одан бөлек отырыста Тоқмәдидің адвокаты сотқа өтініш хат сотталушының жаза мерзімін қысқарту бойынша түсірілгенін, оның жәбірленушілерге қатысы жоғын айтып, жәбірленуші тарапты процеске қатыстырмауға шақырды. Оның бұл өтініші ашық қалды.

Мұратхан Тоқмәди – «ТұранӘлем Банкі» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер. Оқиға 2004 жылы болғанымен, Тоқмәдиге айып 2018 жылы тағылып, сол жылы сотталған. 

Мұратхан Тоқмәди былтыр мерзімінен бұрын бостандыққа шағытыны туралы ақпарат тараған. Мұндай шешімді Қонаев қаласының соты шығарған. Жәбірленуші тарап – Тәтішевтің отбасы Қонаев қаласы сотының шешіміне шағымданып, Алматы облыстық соты сотталушының түзелгеніне күдік келтіріп, Қонаев соты шешімінің күшін жойған.

2025 жылғы 13 қаңтарда Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын босап шығуға қайта өтініш түсірген. Алайда 16 қаңтарға белгіленген отырыс Тоқмәди сотқа қатысудан бас тартып, жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішті қараусыз қалдыруды сұрағанына байланысты өтпеді.

Сондай-ақ оқыңыз