АҚШ-та Трампқа қарсы күллі елді қамтитын наразылық акциясы өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
АҚШ-та Трампқа қарсы күллі елді қамтидын наразылық акциясы өтеді
АҚШ-та Трампқа қарсы күллі елді қамтитын наразылық акциясы өтеді/Фото: REUTERS/Leah Millis

14 маусым – cенбі күні АҚШ-тың түкпір-түкпірі мен бірқатар шет мемлекетте азаматтар көшеге шығып, президент Дональд Трамптың билігіне қарсы ең ауқымды біркүндік наразылық шарасын өткізеді, деп хабарлады Аxios басылымы.

Туған күнге «сыйлық»

Наразылық акциялары Трамптың туған күніне орай Оклахома қаласында жоспарланған мультимиллиондық әскери парадқа қарсы ұйымдастырылмақ. Трамп әскери парадты өзінің 79 жасқа толуына және АҚШ армиясының 250 жылдығына арнамақ.
Парадтың сметалық құны – 25-тен 45 миллион долларға дейін болады хабарланған. Бірақ бұл сомаға Құпия қызмет пен полицияның шығындары кірмейді.

Шараны «No Kings» (Патшалыққа жол жоқ) деп аталатын қозғалыс үйлестіріп жатыр.

«No Kings – бұл бүкіл ел бойынша бағынбау күні. Үлкен қалалардан бастап, шағын елді мекендерге дейін, сот ғимаратының баспалдағынан бастап, қоғамдық парктерге дейін авторитаризмге қарсы әрекет етеміз», – деп жазды ұйымдастырушылар өз мәлімдемесінде.

Акция ауқымы

Наразылықты 100-ден астам демократиялық құқық қорғау ұйымы қолдап, белсенді түрде қатысатыны хабарланған.

Ұйымдастырушылар 50 штатта 1800-ден астам митинг өтіп, оған миллиондаған адам қатысады деп санайды.

Наразылықтар АҚШ аумағынан тыс елдерде де жоспарланған. Олардың қатарында Колумбия, Малави, Италия, Португалия, Германия және Ұлыбритания бар.

Президент Трамп болса, сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде сенбі күні өтетін парад кезінде болатын кез келген қарсылық “өте қатаң шаралармен» басылатынын ескерткен.

Бұған дейін, бірнеше күннен бері Дональд Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатына қарсы наразылық акциялары өтіп жатқан Лос-Анджелес қаласында комендант сағаты енгізілген.

Наразылық акциясы басталған уақыттта Дональд Трамп штатқа Ұлттық ұлан бөлімін жолдаған. Оның айтуынша, әскер жағдай тынышталғанға дейін штатта қала береді.

Калифорния билігі президент шешімімен келіспей отыр. Штат губернаторы Гэвин Ньюсом сотқа жүгінетінін мәлімдеген. Оның пікірінше, армияны ел ішінде пайдалануға болмайды. Ал Трамп Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды тұтқындауға дейін баратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз