ChatGPT-ге ешқашан жіберуге болмайтын 5 құпия

Жарияланды 11 Маусым 2025 12:36

Нұралы Орақбай

Нұралы Орақбай

Автор
ChatGPT-ге ешқашан жіберуге болмайтын 5 құпия
ChatGPT-ге ешқашан жіберуге болмайтын 5 құпия / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Соңғы жылдары адамдар арасында ChatGPT сынды ЖИ чат боттарды кеңінен пайдалану жиілеп кетті. Кей адамдар чат боттарға нені жіберіп-жібермеу керегін біле бермейді. Сондықтан ЖИ чат боттарына жіберуге болмайтын 5 құпияны есіңізде сақтаңыз.

«Сезімтал ақпаратты әңгіме барысында бөліспеңіз” делінген OpenAI сайтында.

Жеке деректер. Жеке ақпаратқа ЖСН, паспорт және көлік айдау куәлігі, телефон нөмірі, тұрғылықты мекенжайыңыз кіреді. Бұл деректердің бот жадында сақталуы сіздің желідегі ғана емес шынайы өмірдегі қауіпсіздігіңізге нұқсан келтіреді.

«Біз өз ЖИ моделдеріміздің адамдардың жеке деректерін емес, жалпы әлемді танығанын қалаймыз», – деп жазған OpеnAI ресми өкілі WSJ-да .

Чат өзінен сұралған барлық ақпаратты есінде сақтайды. Өзіңіз сұраған не жазған ақпараттың жүйеде сақталмағанын қаламасаңыз, сайт не қолданба параметрлерінен жадты өшіріп тастауға болады.

ChatGPT-дегі жадты өшіретін параметр. Фото: kursiv.media

Медицина нәтижелері. Әлеуметтік желіде медициналық картаны ботқа жүктеп, диагноз немесе ем алуға рецепт сұрау мүмкіндігі туралы ақпаратты көп көруге болады. Алайды чат боттар медицина маманы емес, сондықтан ботқа медицина сараптамаларын жіберуге болмайды. Егер медицина сараптамаларын талдатқыңыз келсе, жеке деректерді кесіп тастаңыз немесе жасырыңыз.

Логин мен құпиясөз. Нақты іс әрекетті орындай алатын ЖИ агенттер болғанмен, чат боттар тек ақпарат алуға арналған. Сондықтан ақпаратыңыз қолды болмас үшін интеллектке логин немесе құпиясөзді сақтамаңыз.

Корпоротивті ақпарат. Интеллектің көмегіне жүгінемін деп корпоротивті ішкі деректерді байқамай жариялап қоюыңыз мүмкін. Сол себепті Samsung өз қызметкерінің компания ішкі дерегін ботқа жіберген соң, ChatGPT сияқты ЖИ боттарға тыйым салған еді. Мұндай жағдайда чат боттың корпоративті нұсқасын қолданған жөн.

Қаржылық шоттар. Ботқа қаржылық есеп жасатамын деген оймен банк шотының нөмірін жіберуге болмайды. Шот нөмірі тарап кетсе, деректеріңіз бақылауға алынып не алаяқтардың қолына түсуі мүмкін. OpenAI мұндай ақпаратты да енгізбеуге шақырады.

Айта кетейік, 10 маусым күні ChatGPT жұмысында жаппай ақау пайда болған.

Сондай-ақ оқыңыз