Амнистия бюджет қаражатының 5 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік береді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Коррупционеров, террористов и убийц не освободят по амнистии в Казахстане
Амнистия арқылы бюджеттің 5 млрд теңге қаражатын үнемудеуге болады / Фото: kursiv.media архив

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасына сәйкес, аса ауыр емес қылмыс жасаған азаматтарға амнистия көзделген. Бұл жоба қабылданса, бюджеттің 5 млрд теңге қаражаты үнемделеді. Бұл туралы Заң жобасын таныстырған депутат Абзал Құспан айтты.

Амнистия есебінен үнемделген қаражатты оңтайландырып, елдің қылмыстық атқару жүйесі қызметін жақсартуға жұмсау көзделіп отыр. Атап айтқанда, қаражатты елдегі түрмелерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, камералық түрмелерге көшіруге жұмсау көзделген.

«Қазіргі уақыттың шындығын ескере отырып, рақымшылық жасау мемлекеттік шығыстарды оңтайландыруға, жылына шамамен 5 млрд теңге деп күтіліп отыр. Жүктемені азайту есебінен қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде үнемделген бюджет қаражаты қылмыстық атқару жүйесі қызметін қаржыландыруға және халықаралық құқықтық стандарттарды енгізуге оның ішінде камералық түрмелерге көшуге мүмкіндік береді», – деді депутат.

Айта кетейік, жалпы заң жобасы қабылданса, түрмеде жазасын өтеп жатқан 632 адам, пробациялық есепте тұрған 3500 адам рақымшылыққа ілінеді деп жоспарланып отыр.

Мұның алдында депутат Қарақат Әбден жеңіл қылмыс жасаған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынған болатын. Депутат осылайша, тірідей жетім қалған балалардың анасымен қауышуына мүмкіндік туатынын, қиын жағдайда қалған аналарға екінші мүмкіндік беру қажет екенін айтқан.

Депутаттың сауалына жауап берген Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел аменистияға іліне алатынын жеткізді.

Заңнамада қарастырылған жеңілдіктерге сәйкес, 2 мың адамға рақымшылық жасалуы мүмкін. Егер бұл адамдар амнистияға іліксе, 1 жылда бюджет қаражатынан 2,1 млрд теңге үнемделеді. Ал әр күн сайын 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге болады. Түрмедегі 1 адамға мемлекет күніне 2900 теңгеден төлейді.

Сондай-ақ оқыңыз