Конституцияның 30 жылдығына орай Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бишімбаевтың отбасы немерелеріне алимент төлеуден бас тартты
Бишімбаев амнистияға іліне ме? / Фото: kursiv.media архив

Конституцияның 30 жылдығына орай Қазақстан түрмелерінде отырған біраз адамға рақымшылық жасалады. Бірақ Қуандық Бишімбаев амнистияға ілікпейді. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

«Жоқ, ол амнистияға ілінбейді. Өліммен байланысты қылмыс жасағандар бұл тізімге кірмейді. Тіпті жол апаты кезінде байқаусызда өлімге алып келген жағдайлар бойынша да рақымшылық жасалмайды. Ал қасақана өлімге әкелу жағдайлары да амнистияға жатпайды. Бұл депутаттардың шешімі», – деді прокуратура өкілі.

Назарбаев рақымшылығы

Айта кетсек, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа осыған дейін бір рет рақымшылық жасалған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Қ.Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойына айырылған.

2017 жылдың 10 қаңтарында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны себепті, жазасын өтеу сол күннен басталған. Шенеунік сот барысында өз кінәсін мойындаған. Алайда мемлекет басшысының(ол кезде президент Назарбаев) 2019 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен Қ.Бишімбаевқа рақымшылық жасалып, жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылған.

Сондай-ақ оқыңыз