Қазақстандық компаниялардың 5 млрд теңгесін жымқырған Түркия азаматы ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Шымкентте компания басшысы 3 жылға сотталды
Қазақстандық компаниялардың ақшасын қолды еткен Түркия азаматы Черногориядан ұсталды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандағы компанияларды 5 млрд теңге шығынға батырған Түркия азаматы Черногориядан ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл азамат 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін бірнеше ЖШС-ға иелік ететін қазақстандық компанияны басқарған. Осы аралықта ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, алаяқтықпен бірнеше ЖШС-ның ақшасын жымқырған. Нәтижесінде еншілес компанияларға 5 млрд теңге көлемінде шығын келтірген.

Сондай-ақ оқыңыз