Күйеуін тапсырыспен өлтірді деп айыпталған әйел хәл үстінде жатыр

Күйеуін тапсырыспен өлтірді деп айыпталған Эльвира Еркебаева түрмеде аштық жариялады. Адвокаты оның жағдайы нашар екенін айтты.
Орал апталығының ақпаратынша, айыпталушы аштық жариялап, cоның салдарынан әл үстінде жатыр.
Адвокат Тамара Сарсенова оның өлім мен өмір арасында тұрғанын айтқан. Үш күннен бері тамақ пен судан толық бас тартқан.
Эльвира жалғыз адамға арналған камерадан тергеу изоляторының карцеріне ауыстырылыпты.
«Карцер – терезесі жоқ. 1,5-те 2 метрлік шағын бөлме. Мекеме басшысынан «неге терезесі бар камераға ауыстырмайсыздар?» деп сұрағанымда, «орын жоқ» деп жауап берді», – дейді адвокат.
Оның сөзіне қарағанда, Эльвира Еркебаеваны абақты басшылығынан басқа ешкім іздеп келмеген. Прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері немесе адам құқықтары жөніндегі омбудсмен де төбе көрсетпеген.
Айта кететін жайт, Эльвира Еркебаева күйеуін тапсырыспен өлтіруге оқталды деген айыппен бір жарым жылдан бері қамауда отыр.
Мұның алдында Қостанайлық әйел күйеуін қайтарып беруге уәде берген көріпкелді сотқа бергені туралы жазған едік.