Қытай компаниясы Қырғызстанның алтын кенін алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Иньши» атты Қытайдың компаниясы алтын, күміс және мыс өндіруге лицензияны алған / фото: shutterstock
«Иньши» атты Қытайдың компаниясы алтын, күміс және мыс өндіруге лицензияны алған / фото: shutterstock

Қытай компаниясы Қырғызстанның алтын кенін игермек. Бұл жергілікті бюджетке 220 миллион сом (1.28 миллиард теңге) түсіреді.

24.kg ақпаратына қарағанда, бұл туралы Чоң-Кемин айылының аймақтық әкімшілігінің басшысы Алмаз Кенжебаев мәлімдеген.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде аймақтық әкімшілік дотациямен өмір сүріп жатыр.

«Кен орнын игеру нәтижесінде шамамен 200 жұмыс орны ашылады. Қызметкерлердің жалақысы 50 мың сомнан (291 000 теңге) жоғары болады. Жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті тұрғындардан іріктеледі», — деді Алмаз Кенжебаев.

Ол алтын, күміс және мыс өндіруге лицензияны «Иньши» атты Қытай компаниясы алғанын атап өтті. Өндіру жұмыстары штольня әдісімен жүргізіледі.

Алмаз Кенжебаевтың пікірінше, Чоң-Кемин ұлттық табиғи паркінің аумағы бұл жұмыстарға тартылмайды. Қытай компаниясы Қырғызстанның алтынын игеруді аяқтаған соң, кен орны рекультивация жасап, көгалдандырмақ.

Бұған дейін Чоң-Кемин аңғарының сегіз ауылының тұрғындары пайдалы қазбаларды өндірудің зияны бар деп қауіптенетінін жеткізген еді.

Айта кететін жайт,  Болат Өтемұратов отбасына тиесілі RG Gold пен америкалық RCFM GP L.L.C. Ақмола облысында тағы бір жерден геологиялық барлау жұмысын жүргізетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз