Майғазиев тойы: 10 жүргізуші, тойға келмеген қонақтар

Жарияланды 11 Маусым 2025 20:48

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: телеграмдағы тікелей эфирден скрин

Алматыдағы Royal Tulip салтанат сарайында Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы өтіп жатыр. Тойға 800-ге жуық адам шақырылған, оның жартысына жуығы – эстрада жұлдыздары, танымал актер-актриса, әншілер.

Тойға келгендердің арасында Алтынбек Қоразбаев, Досхан Жолжақсынов, Нұрғали Нүсіпжанов, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Тамара Асар, Құдайберген Бекіш, Рахман Омаров, Медеу Арынбаев тәрізді аға буын өнерпаздар бар. Қонақтар үшін мейрамханада 56 үстелге дастархан жайылған.

Тойдан көрініс / Фото: телеграмдағы эфирден скрин

Тойға келе алмаған қонақтар

Бірақ жұлдызды тойға келе алмаған қонақтар да бар. Дастархан басынан Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова жалғыз болды. Әртістің өзі келе алмаған тәрізді.

Әнші Ерке Есмахан инстаграмдағы сторисінде жұбайымен бірге тойға келе алмайтынын айтып, кешірім сұраған.

Тікелей эфирді жүргізіп отырған Анна Данченко Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа тәрізді жас әншілерді де көрмегенін айтады.

Тілек айтуға Тұрсын және Баян Алагөзованы да шақырды, бірақ олар да байқалмады.

Той тізгінін ұстаған жүргізушілер

800 адамдық тойды жүргізуге он адам бекітілген. Тойды Абай Асылханұлы мен Ольга Спирина жұбы салтанатпен ашты. Екі жасты ортаға Света Айтбаева мен Толқын Забирова «Жар-жар» әнімен шығарды.

Жүргізушілер қатарында Ләйлә Сұлтанқызы, Айгүл Мүкей, Азамат Сатыбалды да болды.

Фото: телеграм тікелей эфирден скрин

Тікелей эфирді көруге 8 мыңға жуық адам жиналды. Олар жұлдызды тойды  «Adilet&Adiya» телеграм арнасынан тікелей эфирде қарап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз