«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бекежан Жакеев
Бекежан Жакеев. Фото: igtipc.org

Бекежан Жакеев «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компания баспасөз қызметінен хабарлайды.

Бекежан Жакеев 1982 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебі – Құқықтану академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Еуразиялық гуманитарлық институтты «экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы 22 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде он жыл басшылық қызметте болды.

Еңбек жолын 2002 жылы «Астық лизингтік компаниясы» ЖШС-де менеджер болып бастаған.

2005–2018 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ-да заңгерден өңірлік несие басқару орталығының басшысына дейінгі қызмет жолынан өткен.

2018–2024 жылдары – «Law Partners» ЖШС-нің мүшесі. Сонымен қатар, 2024–2025 жылдары «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» ҰАО-да әртүрлі лауазымдар атқарған.

Осыған дейін бұл қызметте Әсел Жанасова отырған еді. Ол 2022 жылдың қазанында «Қазпошта» басшылығына келді. Ал осы жылы 8 маусымда Президент кеңесшісі деп тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз