
Сәкен Майғазиевтің онлайн тойын көруге 7000-ға жуық адам жиналды. Олар салтанатты шараны «Adilet&Adiya» телеграм арнасынан тікелей эфирде тамашалап отыр.
Тікелей эфирге қосылу құны – 1380 теңге. Есептесек, онлайн тойдан Майғазиевке 10 млн теңгеге жуық қаражат түсуі мүмкін. Тікелей эфир тізгінін ұстаған журналист Анна Данченконың сөзінше, ол қаражат тойды түсіретін камераларға, техникалық жабдыққа, эфирді өткізген платформаға жұмсалады.
Тойдың өзіне 800-ден аса адам шақырылған.
Той қонақтары





Тікелей эфирдегі тойды журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізеді. Салтанатты шара Алматыдағы Royal Tulip мейрамханасында өтіп жатыр.