Lifestyle

Сәкен Майғазиевтің онлайн тойынан 10 млн теңге табыс түсуі мүмкін

Фото: инстаграм желілерінен

Сәкен Майғазиевтің онлайн тойын көруге 7000-ға жуық адам жиналды. Олар салтанатты шараны «Adilet&Adiya» телеграм арнасынан тікелей эфирде тамашалап отыр.

Тікелей эфирге қосылу құны – 1380 теңге. Есептесек, онлайн тойдан Майғазиевке 10 млн теңгеге жуық қаражат түсуі мүмкін. Тікелей эфир тізгінін ұстаған журналист Анна Данченконың сөзінше, ол қаражат тойды түсіретін камераларға, техникалық жабдыққа, эфирді өткізген платформаға жұмсалады.

Тойдың өзіне 800-ден аса адам шақырылған.

Той қонақтары

Нағима Есқалиева / Фото: телеграмнан скрин
Фото: телеграмнан скрин
Толқын Забирова / Фото: телеграмнан скрин
әнші Бүркіт / Фото: телеграмнан скрин
Досхан Жолжақсынов жұбайымен / Фото: телеграмнан скрин

Тікелей эфирдегі тойды журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізеді. Салтанатты шара Алматыдағы Royal Tulip мейрамханасында өтіп жатыр.