Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қытай басшысы Си Цзиньпин келесі аптада Астанаға келеді / фото: REUTERS/Florence Lo
Қытай басшысы Си Цзиньпин келесі аптада Астанаға келеді / фото: REUTERS/Florence Lo

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 16 маусымда Қазақстанға келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, көрші елдің басшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған. Си Цзиньпин сапары екі күнге созылады.

«Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады», – деп хабарлады Ақорда.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді. Си Цзиньпин осы форумға қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз