Макрон: балаларға TikTok, Instagram, YouTube қолдануға тыйым салу керек

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Макрон балаларға TikTok, Instagram, Youtube көрсетпеу керек деп есептейді   / фото: Laurent Cipriani/Pool via REUTERS
Эммануэль Макрон балаларға TikTok, Instagram, Youtube көрсетпеу керек деп есептейді / фото: Laurent Cipriani/Pool via REUTERS

Франция президенті Эммануэль Макрон 15 жасқа толмаған балаларға TikTok, Instagram, YouTube секілді әлеуметтік желілер қолдануға тыйым салуды қолдайды. Бұл туралы ол France 2 телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Макронның айтуынша, Еуроодақ осындай шектеуді «бірнеше айдың ішінде енгізбесе», Франция өзі қабылдайды. Президент телеарна эфирінде Ножан-сюр-Мардағы оқиға туралы пікір айтқан. Осы қалада бір оқушы мектеп қызметкерлеріне пышақпен шабуылдаған. Мұғалім соның салдарынан қайтыс болған.

DW мәліметінше, бұған дейін Грекия, Дания, Cловения және Кипр биліктері TikTok, Instagram, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерді 15 жасқа толмаған балаларға қолдануға тыйым салуды жақтаған.

Енді Париж платформаларды кәмелет жасқа толмаған балалар желі қолдану үшін ата-ана келісімін алуды міндеттегісі келеді. Франция мұндай заңды 2023 жылы қабылдаған, бірақ әзірге ЕО тарапынан қолдау таппаған.

Сондай-ақ оқыңыз