«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшысы күдікке ілінді

Жарияланды
Шымкентте стадионда футбол ойнап жүрген балаға жебе тиді
“Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды / Фото: shuttertsock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы президенті Бауыржан Абдубаитов Қылмыстық кодекстің «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» және «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бабымен күдікке ілінді. Прокуратура оны «бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берді» деп отыр.

Шымкент қалалық прокуратурасының Kursiv.Media-ға хабарлауынша, Бауыржан Абдубаитов “Ордабасы» футбол клубының президенті болып жұмыс істеп жүрген кезде өз өкілеттігін асыра пайдаланған. Директорлар кеңесімен кеңеспей, 2023-2024 жылы футболшыларға ірі мөлшерде үстемақы белгілеген.

«21 футболшыға 2,3 млрд теңгеге бонустар бойынша келісім-шарт жасалған» делінген прокуратура хабарламасында.

Шымкент қалалық прокуратурасы осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабымен (362 бабы 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданған.

Оған қоса Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Бауыржан Абдубаитовтың үстінен екінші қылмыстық іс ашқан. Бұл істе ол
«Конференция лигасының» II турына өтпей, оған қарастырылған 1,2 млрд теңге қаражатты бюджетке кері қайтармады» деген күдікке ілінген. Сөйтіп, лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланып, бюджет ақшасын өзге мақсатқа жұмсаған. Бұл жолы да «футболшыларға үстемеақы берген» және «клубтың салық берешегін өтеген». Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бабымен (361-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз