Ерке Есмахан босанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ерке Есмахан/фото: instagram
Ерке Есмахан/фото: instagram

Ерке Есмахан үшінші сәбиін өмірге әкелді. Қазақ эстрадасы жұлдызының босанғаны туралы қуанышты жаңалықты оның жары – танымал әнші RaiM айтты.

Райымбек Бақтыгерей сүйінші жаңалықты әлеуметтік желіде бөлісті.

RaiM жаңа туған ұлын қолына алған суретті жариялап: «Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр», – деп жазды.

Жұлдызды жұпты жанкүйерлер құттықтап, игі тілектерін жаудырды. Олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де бар.

Айта кетейік, 38 жастағы Ерке Есмахан мен 26 жастағы Raim 2023 жылдың қаңтарында шариғат жолымен некелескен. Екеуі алғашында қарым-қатынастарын көпшілікке жария етпей келген. Ерке Есмахан алғашқы некесінен туған Мүслім есімді ұлын тәрбиелеп отырған болатын. Үйленгеннен кейін бір жыл өткен соң, олардың Ислам есімді ұлы дүниеге келді.

Жұп әлеуметтік желіде отбасылық өмірінен сыр шертетін фотолар мен саяхаттары жайлы әңгімелерді жиі бөлісіп тұрады. Сондай-ақ бір-біріне жасаған тосын сыйлар мен бағалы сыйлықтар туралы да ашық айтады.

Бұған дейін Ерке Есмахан жүкті кезінде сахнада ән айтып, жұртты тәнті етті.

Сондай-ақ оқыңыз