Бәйдібек ауданында жасөспірім 2-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жасөспірімнің 2-сыныпта оқитын қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті полиция кәмелетке толмағанның қамауға алынғанын хабарлады.
«8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты», – деп жазды Нұрсұлтан Тошаев есімді Facebook қолданушысы.
Полицияның хабарлауынша, Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Іс Департамент басшылығының бақылауында», – делінген Түркістан облысы полициясы таратқан ақпаратта.
Қылмыстық-процестік кодексің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.