Lynk & Co Қазақстанда: жаңа модельдерге алдын ала тапсырыс қабылдау басталды

Қазақстандағы Lynk & Co автокөліктерінің жалғыз ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобиль тобы Lynk & Co 03 және Lynk & Co 09 модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау басталғанын хабарлайды. Спорттық седан Lynk & Co 03 моделінің бағасы максималды тиімділікпен 15 790 000 теңгеден басталады. Премиум толық өлшемді кроссовер Lynk & Co 09 моделі максималды тиімділікпен 26 290 000 теңгеден басталатын бағада қолжетімді.
Барлық автокөлікке өндірушіден ресми кепілдік беріледі – 5 жыл немесе 150 000 км жол жүру. Сатып алған алғашқы көлік иелеріне өмір бойына кепілдік беріледі, бұл Lynk & Co брендінің сапасы мен сенімділігіне қосымша айғақ.
Lynk & Co 03 және 09 модельдері шілде айында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Orbis Auto тобына кіретін ресми дилерлік орталықтарда сатылымға шығады. Сатып алушыларға арнайы несиелеу және бөліп төлеу бағдарламалары, сондай-ақ trade-in жүйесі бойынша тиімді шарттар қолжетімді болады, бұл көлік сатып алуды ыңғайлы және қолжетімді ете түспек.
Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Искакованың айтуынша, Lynk & Co модельдерінің Қазақстан нарығына шығуы заманауи технологиялық көліктерге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
«Lynk & Co премиум модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау брендтің Қазақстандағы жаңа тарауын ашады. Бұл автомобильдер функционалдылықпен қатар жоғары технологияны, ойластырылған дизайнды және барынша жайлылық деңгейін бағалайтындар үшін жасалған. 03 және 09 модельдері өз бағалаушыларын табатынына және Lynk & Co заманауи, айқын сипаты мен мәртебесі бар бренд ретінде позициясын нығайтатынына сенімдіміз», – деді Динара Искакова.
Lynk & Co 03 – спорттық мінез, жарысқа арналған ДНҚ
Lynk & Co 03 – танымал дизайнға ие спорттық седан: төмендетілген силуэт, шанағының аэродинамикалық сызықтары және Aurora фирмалық жүріс шамдары сыртқы келбетін айшықтайды. Капот астында 218 а.к. және 325 Н·м айналу сәтін беретін 2.0T турбо бензинді қозғалтқыш орналасқан. Ол 7 сатылы қос ілінісулі роботтандырылған беріліс қорабымен бірге 100 км/сағ жылдамдыққа 6,9 секундта жетеді және Қазақстан нарығында ресми түрде ұсынылған модельдер арасында өз класындағы ең динамикалық көлік.
Модель екі жиынтықта – Pro және Halo нұсқаларында қолжетімді. Pro базалық нұсқасының өзі мол жабдықпен қамтылған. Оларға екі аймақты климат-бақылау, 360° шолу жүйесі, панорамалық люк, алдыңғы әйнек, рөл және электр реттеулері бар алдыңғы орындықтарды жылыту функциясы кіреді. Интерьер былғары әрлеумен, 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар панелімен, сондай-ақ қауіпсіздік жастықшаларының кеңейтілген жиынтығымен толықтырылған.
Максималды Halo жиынтығы жүргізушіге арналған көмекші жүйелердің кеңейтілген жиынтығын қамтиды: адаптивті круиз-бақылау, шұғыл тежеу жүйесі, көрінбейтін аймақтарды бақылау және жолақта ұстау функциясы. Орындықтарды желдету, смартфонға арналған сымсыз зарядтау және жоғары сапалы аудиожүйе қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.
Lynk & Co 03 интерьері – мұқият ойластырылған цифрлық кеңістік. Әрбір бөлшегі ұстамдылық пен эргономикалығын сақтай отыра, жайлылық пен жоғары сапаны сезінуге мүмкіндік береді. Назарда – интуитив басқаруы бар 12,8 дюймдік сенсорлық экран, 10 динамигі бар Harman Infinity™ акустикасы және Clari-Fi технологиясы, атмосфералық жарықтандыру, Snapdragon чипі негізіндегі мультимедиялық жүйе және кез келген жол жағдайында жүргізушінің қауіпсіздігі мен ыңғайлылығына жауап беретін интеллектуалды көмекшілер.
Lynk & Co 03 өзінде Cyan Racing командасымен бірлесіп жасалған және FIA аясында WTCR әлемдік кузовтық жарыстар чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен 03 TCR жарыс нұсқасының техникалық және инженерлік шешімдерін мұра еткен. Брендтің кәсіби автоспортқа қатысуы аэродинамика, басқарылу және шасси теңгерімі салаларындағы озық шешімдерді сериялық модельге енгізуге мүмкіндік берді. Осының арқасында Lynk & Co 03 жоғары жылдамдықта тұрақтылықты, аспа жүйесінің дәл баптауын және беріліс қорабының жылдам әрекетін қамтамасыз етеді. Lynk & Co 03-тің жарыс мұрасы атақты Нюрбургрингтегі алдыңғы жетекті автомобильдер арасындағы шеңбер рекордымен расталған.
Lynk & Co 09 – жаңа буынның премиум кроссовері
Толық өлшемді 7 орындық Lynk & Co 09 кроссовері жұмсақ гибрид технологиясымен жабдықталған және оның дизайны айқын әрі теңгерімді: қуатты силуэт, тік радиатор торы, қаптал сызықтарының анықтығы және кристалл шамдар көлік тұрпатын заманауи әрі сенімді етеді. Volvo SPA архитектурасы негізге алынған модель қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Lynk & Co 09 капотының астында 2.0 литрлік турбо бензин қозғалтқышы және 48-вольтты стартер-генератор (BSG) негізіндегі қуаттық жүйе орналасқан, жалпы қуаты 254 а.к. және 350 Н·м айналу сәтін береді. Көлік 8 сатылы Aisin автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. FYRA толық жетегі мен төрт адаптивті қозғалыс режимі бұл модельді кез келген жағдайда және кез келген жолда әмбебап етеді және бұл ретте динамика мен жайлылықтан айырмайды.
Кроссовер екі жинақтамада қолжетімді – Pro және Ultra. Pro нұсқасы мол жабдығымен ерекшеленеді: стандартты жабдыққа 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, адаптивті круиз-бақылау, жолақта ұстау жүйесі, 360° шолу жүйесі және Nappa табиғи былғарымен қапталған орындықтар кіреді, алдыңғы және екінші қатар орындықтарын жылыту функциясы қарастырылған.
Ultra жоғары сапалы жинақтамасы қосымша заманауи электр көмекшілерін, рөл бағанасын электр реттеуді, үшінші қатар орындықтарын электр бүктеуді, төрт аймақты климат-бақылауды, массаж функциясын және премиум BOSE® аудиожүйесін ұсынады. Lynk & Co 09 салоны жүргізуші мен жолаушылар үшін максималды жайлылық пен кеңістікті тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, бұл әсерлі 2984 мм дөңгелек базасының арқасында мүмкін болып отыр. Флагмандық модельдің технологиялық бейнесін панорамалық төбе, өзгертілетін жеті орындық салон және қозғалысқа арналған көптеген көмекшілермен жабдықталған Co Pilot жүйесі толықтырады. Жоғары сапалы шуды оқшаулау материалдары мен қос қабатты әйнек акустикалық жайлылықты қамтамасыз етеді.