ҚДБ инвестициялық жобаларға бірдей пайызбен несие береді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
несие
Кәсіпкерлерге берілетін несие шарттары өзгерді / Фото: Асқар Ахметуллин, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) енді теңгемен берілетін инвестициялық жобалар бойынша бірыңғай пайыздық мөлшерлемені – жылына 12,6% етіп бекітті. Бұл шешім кәсіпкерлер үшін несиелеу шарттарын түсінікті етуге бағытталған.

Бұған дейін мөлшерлеме жобаның саласына, орналасқан аймағына немесе банк тарапынан тартылған қаражат көзіне байланысты өзгеріп отыратын. Енді қай салада болмасын, бүкіл жаңа жобаларға бірдей шарт қолданылады.

Жаңа ережеге сәйкес, жоба тек құрылыс кезінде емес, пайдалану кезеңінде де қазақстандық тауарлар мен қызметтерді қолдануға міндеттейді. Яғни, кәсіпкерлер өз жобаларын жүзеге асыруда отандық өндірушілерден сатып алуға басымдық беруге тиіс.

Егер кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жетпесе, ҚДБ енді «Даму» қорының арнайы кепілдігін пайдалана отырып қаржыландырады. Бұл механизм бұрын банктен несие ала алмаған компанияларға мүмкіндік береді.

Мұндай жобаларда:

  • Кәсіпкер өз қаражатының кем дегенде 20%-ын салуы тиіс;
  • Қалған 80%-ы ҚДБ немесе екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады;
  • Қордың кепілдігі жоба құнының 30%-ына дейін жаба алады.

2027 жылға қарай бұл кепілдік жүйесі арқылы жыл сайын 50 мыңға жуық жоба қаржыландырылмақ. Бұл көрсеткіш қазіргі деңгейден бес есе көп. Басымдық – импортты алмастыратын, экспортты дамытатын және инфрақұрылымды жақсартатын жобаларға беріледі.

Бұған дейін Қазақстанның Даму Банкі 150 млрд теңге қосымша қаржы тартатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз