Қызылордада сантехника шығаратын ірі зауытқа 70 млн еуро инвестиция салынады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
 Roca Group
Қызылордада сантехника шығаратын зауыт салынады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қызылордада сантехника жабдықтар шығаратын жаңа зауыт салынады. Бұл жоба Ипанияның Roca Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Зауыт Орталық Азиядағы осы саладағы ең ірі өндіріс орындарының біріне айналады деп жоспарланған.

Жобаға салынатын инвестиция көлемі 70 млн еуроны құрайды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа кәсіпорын 300-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етумен қатар, шетелге экспорт та жасайтын болады.

«Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, біз шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Былтыр Roca Group компаниясымен Қызылордада зауыт ашу мәселесін талқыладық. Бүгінде осы мақсатта өзара келісімге келіп, жобаны іске асыруды бастадық», – деді облыс әкімі.

Roca Group – сантехника өндіретін әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Компания 170-тен астам елде жұмыс істейді. Енді олардың өндірісі Қызылордада да жолға қойылмақ.

Бұған дейін Түркістанда дрон шығаратын зауыт салынатыны хабарлаған

Сондай-ақ оқыңыз