Балалардың қай қосымшаны жиі пайдаланатыны белгілі болды

Жарияланды
Балалардың қай қосымшаны жиі пайдаланады?/ Фото: kursiv.media

«Касперский зертханасының» мамандары биылғы жылдың алғашқы 5 айында балалар арасында танымал болған қосымшаларды анықтады.

Kaspersky Safe Kids дерегі бойынша, балалар арасында ең көп қолданылған қосымша – YouTube, танымал он қосымша арасында 29% үлесті алған. Одан кейінгі көшті TikTok (16%), WhatsApp (14%) жалғастырады.

Балалар компьютердегі уақытының көп бөлігін Google Chrome (32%) , Microsoft Edge (12%) браузерлерінде өткізген. Одан бөлек танымал бағдарламалар ішіне Roblox (9%) , Discord (8%) қосымшаларады бар.

Бұған дейін Франция президенті Макронның балаларға TikTok, Instagram, YouTube қолдануға тыйым салу туралы ойын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз