Жыл басынан бері 12 бала өрттен, 11 бала суға батып қайтыс болған

Жыл басынан бергі үш айда 23 бала қайтыс болған. Оның 12-сі өрт кезінде қайтыс болса, 11-і ыстық кезең басталғалы суға батып кеткен. Бұл туралы Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты.
«Жыл басына бері 23 бала қайтыс болды. 12-сі өрттен, 11-і суға кетіп қатыс болды. Жаз басталды, күн ыстық. Мұндай жағдайлар жиілеуі мүмкін. Сол үшін біз күшейту жұмыстарын өткізіп жатырмыз», – деді ТЖМ өкілі.
Еске сала кетсек, жақында ғана Батыс Қазақстанның Жымпиты ауылында жер үй өртеніп, бір үйдің бес баласы иіс тиіп қайтыс болған болатын. Вице-министр балалардың ата-анасы жұмыста өздері қалып, өрт шыққанын айтты. Барлық балаларды құтқарушылар өрттен алып шыққан. Бірақ барлығы да иістен қатты уланып қалғаны себепті ауруханада ес жимастан қайтыс болып кеткен.