Kia-ның Семейдегі ресми дилері өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
KIA ресми дилері
Kia-ның Семейдегі ресми дилері сатып алушыларға артық талаптар қойып, өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған / Фото: kursiv.media архив

Kia-ның Семейдегі ресми дилері өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған. Бұл турады Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Монополияға қарсы орган мәліметінше, компания Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 4) және 9) тармақшаларын бүзып, өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған. Атап айтқанда:

  • нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
  • контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу фактілері анықталған.

Яғни осылайша компания тұтынушыға қосымша міндеттемелерді қабылдауға мәжбүрлеп, шарттың мәніне қатысы жоқ, экономикалық немесе технологиялық жағынан негізделмеген артық талаптарды қойып келген.

Бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері анықталған соң, «Ilbers auto» ЖШС-не бұларды жою туралы хабарлама жіберген.

«Агенттіктің Абай облысы бойынша департаменті жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықты мәжбүрлеп сатып алуды талап ету белгілері бойынша KIA ресми дилері – «Ilbers auto» ЖШС-не үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша хабарлама жолдады», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік мәліметінше, компания агенттік ұсынымын орындаған.

Сондай-ақ оқыңыз