2025 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 5%-дан асады – президент

2025 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 5%-дан асады. Бұл туралы Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесу кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Жиында президент Қазақстан экономикасының жағдайын тоқталған. Тоқаев ел экономикасын дамытуға қатысты нақты реформалар жүргізіліп жатқанын атап өткен. Сонымен бірге әлемдегі ахуалдың күрделене түскеніне қарамастан, елде инфрқұрылым мен көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру бойынша шаралар қолға алынғанын тілге тиек еткен.
«2024 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлемі шамамен 290 миллиард долларға жетті. Бұл бір адамның басына шаққанда 14 мың доллар деген сөз. Бірақ алдымызда тұрған түйткілдер аз емес. Оларды ойдағыдай шешу үшін бірқатар маңызды іс-шараларды қолдану керек. Атап айтқанда: ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету, көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру бойынша қазір белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл экономикалық өсім 5 пайыздан астам болмақшы. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін түркі мемлекеттерімен тиімді ынтымақтастықты нығайту өте маңызды», – деді президент.
«ТURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі»
Президент Астанадағы алқалы жиын «ТURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» деген тақырыдбында өтетінін, бұл мәсееле, қазіргі сын-қатерге толы алмағайып заманда өзара ықпалдастықты нығайтуда аса маңызды рөл атқаратынын айтқан.
«Қазақстан бауырлас елдер арасындағы парламентаралық байланысқа, әсіресе, халықтық дипломатияға ерекше мән береді. Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы – аса беделді халықаралық ұйым, ынтымақтастығымызды дамытуға мүмкіндік беретін бірегей құрылым деп күмәнсіз айтуға болады. Сіздердің Ұйым аясындағы бірлескен жұмыстарыңыздың мән-маңызы өте зор», – деді Тоқаев.
Сөз соңында пезидент бұл кездесу түркі мемлекеттерінің мақсат-мүддесі бір екенін айқын көрсететінін атап өтіп, Қазақстанның түркі мемлекеттерінің парламенттік дипломатиясын барынша қолдайтынын мәлімдеді. Аумалы-төкпелі заманда түркі елдерінің достықты нығайта түсудің маңыздылығына тоқталған.
«Біз бәріміз тату болсақ, осы құбылмалы заманды аман-есен еңсереміз, экономикаларымыздың дамуына үлкен серпін береміз, төрт құбыламыз түгел болмақ. Бауырымыз бүтін, бауырластығымыз мәңгі болсын!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл жиында сонымен бірге Тоқаев Түркі жұртының халықаралық беделі мен ықпалы да арта түскенін айтқан болатын.