Құрылыс компанияларына үлескерлерден алдын-ала қаражат тартуға тыйым салынады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
құрылыс компанияларына
Құрылыс компанияларына салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алуға алдын ала шарт жасауға тыйым салынады / Фото: kursiv.media архив

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы бойынша үлескерлердің қатысуымен тұрғын-үй салуға қатысты нормалар өзгереді. Оған сәйкес, құрылыс компанияларына салынып жатқан үйлерден пәтер сатып алуға алдын ала шарт жасауға тыйым салынады. Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заңның негізі нормаларының бірі – салынып жатқан үйлерде тұрғын үй сатып алуға алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу. Өйткені алдын ала шарттар арқылы құрылыс салушылар азаматтардың қаражатын рұқсатсыз тартып, үлескерлердің алдану қаупін туғызады», – дедң сенатор Бибігүл Аққожина.  

Депутат қазіргі таңда республикада 41 проблемалық объект бар екенін, оларға ақша құйған 4000-ға жуық үлескер зардап шеккенін айтты. Сонымен бірге мониторинг барысында 99 объектінің заңсыз салынғаны анықталған. Аталмыш заң осындай проблемалардың алдын-алуға көместеседі.

«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай мәселелердің негізгі себебі –алдын ала жасалған шарттар. Олар заңдық қорғауды қамтамасыз етпей, қаражат тарту мен құрылысты кешіктіруге жол ашады. Сондықтан бұл шарттарға толық тыйым салу – халықтың үлестік құрылысқа сенімін арттыру үшін маңызды қадам», – деді депутат.

Сонымен бірге осы заң аясында қиындыққа тап болған үлескерлердің проблемасын шешетін нормалар енгізілген. Яғни, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру аясында проблемалық объектілерді аяқтауға арналған арнайы алгоритм әзірленген. Оған сәйкес, проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін құрылыс салушылардың активтері кейіннен жеке инвесторларды тарта отырып, жергілікті атқарушы органдар арқылы жұмысқа беріледі.

Бұдан бөлек үлескерлердің құқықтарын қорғау мақсатында құрылыс компаниясы мен жасалған мәмілелерді қолма-қол ақшасыз нысанына көшіру көзделіп отыр. Оған сәйкес  «Qazreestr» ақпараттық жүйесі іске қосылады. Бұл жүйе үлескердің әрбір теңгесін бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз