Ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалған акушер-гинеколог

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Салтанат Исағалиева - ұшақта науқасқа көмек көрсеткен дәрігер / фото: ДСМ
Салтанат Исағалиева – ұшақта науқасқа көмек көрсеткен дәрігер / фото: ДСМ

Алматы-Лондон рейсінде әйел адам кенеттен ауырып қалды. Акушер-гинеколог Салтанат Исағалиева оны 10 мың метр биіктікте аман алып қалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, оқиға 2024 жылдың 30 мамырында болған.

10 мың метр биіктікте

Алматы-Лондон бағытындағы рейс кезінде бір жолаушы әйел кенеттен өзін жайсыз сезінген. Артынша, жағдайы күрт нашарлады. Бақытына орай, дер кезінде жедел медициналық көмекке Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы, жоғары санатты дәрігер Салтанат Исағалиева келген.

Қысылтаяң сәт

Әрине, бортта қажетті медициналық құралдар шектеулі. Бұған қарамастан Салтанат Қайратқызы жедел көмек көрсетті. Науқасты қарап шығып, жағдайын бақылады. Жарты сағат ішінде әйелдің жағдайы жақсара бастады.

25 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер

Салтанат Исағалиева — акушерлік бөлімшенің жетекшісі, медицина саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол тәжірибесінде 10 000-нан астам әйелді босандырып алған. Күрделі ота жасап, жүздеген нәрестені аман алып қалған.

Еңбегі бағаланған дәрігер

Салтанат Исағалиева Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар марапаттарына ие болған. Оның ішінде «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалі мен «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісі де бар.

Мұның алдында ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге төленетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз