Бизнесін дамытатын кәсіпкерлерге 12,6%-бен несие беріледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Шағын және орта бизнеске машина жасау үшін 50 млрд теңгеге несие беріледі
«Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өңдеу өнеркәсібі, көлік, туризм, білім беру, денсаулық сақтау тәрізді секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер жылдық 12,6%-бен несие ала алады. Ол үшін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаға жалпы 750 млрд теңге бөлінген. Оның 300 млрд теңгесін қор бөледі, ал 450 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында инвестициялық мақсаттарға жеңілдікпен қарыз алуға, айналым қаражатын толықтыруға және осы жылдың басынан бастап берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға болады.

Негізгі шарттар:

  • қарыздың ең жоғары сомасы – инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін;
  • қаржыландыру мерзімі: 3 – 10 жыл аралығы
  • кредиттерді қайта қаржыландыруға – қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан артық болмауы керек

Несие алуға болатын салалар:

  • өңдеу өнеркәсібі (тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары, киімдер, химия өнеркәсібі, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар, резеңке және пластмасса бұйымдар)
  • көлік және жолаушы, жүк тасымалы
  • туризм (қонақүйлер, кемпингтер және т.б. қызмет көрсету)
  • білім беру (мектеп және мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру тапсырысы бар)
  • денсаулық сақтау (медициналық орталықтар, көп бейінді клиникалар)

«Өрлеу» бағдарламасы аясында кредит Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank арқылы беріледі.

Еске салайық, осыған дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы қаласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді уақытша шектеген еді. Ұйым басшылығы қаржы тапшы екенін айтып, бизнес үшін субсидия беруден бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз