Жұлдыздар жиналған түн: Майғазиевтер тойындағы сыйлықтар

Жарияланды 12 Маусым 2025 07:47

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Свадьба сына Сакена Майгазиева собрала 800 гостей в алматинском ресторане
Фото: телеграм эфирден скрин

Алматының төріндегі Royal Tulip-те әнші Сәкен Майғазиев тұңғышының үйлену тойын өткізді. Қазақ шоу-бизнесінің ығай мен сығайы жиналған тойға 800 қонақ шақырылды. Оның үш жүзге жуығы – эстрада жұлдыздары. Ал тікелей эфирден көру үшін тоғыз мыңға жуық адам тіркелді. Ай бойы жұрт талқысынан түспеген той қалай өтті? Қандай қызық тұсы болды? Kursiv Media материалында ұсынамыз.

Той қалай басталды?

Тойдың онлайн көрсетілімі 17:00-де басталды. Журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин қонақтарды қарсы алды. Алғаш болып келгендер қатарында Кенжебек Жанәбілов, Нұрлан Еспанов, Лұқпан Жолдасов та болды. Келген қонақтар тікелей эфирде құттықтау айтып, той иелеріне жылы лебізін білдірді.

Жас жұпты Толқын Забирова және Света Айтбаева «Жар-Жар» әнімен алып шықты. Ал бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата беріп, тойды ашып берді.

Той қонақтары

Тойға келгендердің арасында Алтынбек Қоразбаев, Досхан Жолжақсынов, Нұрғали Нүсіпжанов, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Тамара Асар, Құдайберген Бекіш, Рахман Омаров, Медеу Арынбаев тәрізді аға буын өнерпаздар бар. Қонақтар үшін мейрамханада 56 үстелге дастархан жайылған.

Бірақ тойға келмегендер де табылды. Жұлдыздар арасынан Тұрсынбек Қабатов, Төреғали Төрәлі, Жұлдыз Әбдукәрімова, Ерке Есмахан, Баян Алагөзова көрінбеді. Дегенмен шетелден келген қонақтар да бар екен. Сәкен Майғазиевтің Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстаннан келген өнерлі әріптестері ортаға шығып, тілек айтты.

Тойдағы ерекше сыйлықтар

Тойға алғашқылардың бірі болып шығып, тілек айтқан – жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова. Ол Майғазиевтің келіні Әдияға өзінің білезігін сыйға тартты. Мақпал Жүнісова да жас келінге алтын сақина тақты.

Әдеттегідей тойдың соңын жас жұптың достары аяқтады. Әділеттің жақын досы, Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбек Мальдив аралдарына жолдама сыйлады. Ал жұбайы Әдияның фотоға деген қызығушылығын ескеріп, кәсіби фотоаппарат сыйға тартты.

Қайрат Нұртас / Фото: телеграм эфирден скрин

Тойда ән салған жұлдыздар

Тойға қонақ болып келіп, ән салғандар қатарында Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Мақпал Жүнісова, «Алатау серілері» тобы болды. Тоқтар мен Бейбіт те қос ғашықтың құрметіне ән шырқады.

Ең бір ерекше тұсы – Сәкен Майғазиев жары Динара және үш қызымен бірге жас жұпқа арнап ән айтты. Ал ақын Қалқаман Сарин жырмен шашу шашты

Той кешкі жетіге қарай басталып, түнгі бірге дейін алты сағатқа созылды. Салтанатты шараны онлайн өткізу үшін жүздеген адам жұмыс істеді. Тойдың өзінде он екі жүргізуші болды. Олардың қатарында Ләйла Сұлтанқызы, Айгүл Мүкей, Анна Данченко, Азамат Сатыбалды, Ғазизхан Шекербек, Гүлмира Дайрабаева да бар.

Сондай-ақ оқыңыз