
Биыл мамырдың соңында өткен акционерлер жиынында «Нұрбанк» АҚ акционерлері дивиденд төлемеуді шешті. Бұл туралы банктің KASE-ге жариялаған хабарламасында жазылған.
«Банктің 13 020 372 мың теңге мөлшеріндегі таза кірісін бөлмей қалдыру, 2024 жылға қарапайым акциялар бойынша дивидендтер есептемеу және төлемеу туралы шешім қабылдады», – деп жазылған биржадағы ақпаратта.
Осы жылдың бірінші тоқсанындағы дерек бойынша, «Нұрбанк» 1,3 млрд теңге пайда тапты.
Биыл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы және басқа да мүліктермен жасалған операциялар туралы мәлімет бермеген үшін қаржы ұйымына айыппұл салған еді.
«Нұрбанк» акциясының 86,42%-на JP Finance Group арқылы Сәрсеновтер отбасы иелік етеді. Тағы 5,87% акциясы JA collection company ЖШС-ға тиесілі.