Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады деп жазады Ақорда. Тоқаев Кремль басшысын елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
– Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – деп жазылған жеделхатта.
12 маусым – Ресей Федерациясының ресми ұлттық мерекесі. Оны Ресей күні ретінде атап өтеді. 1990 жылы Мемлекеттік Думадағы халық депутаттарының алғашқы отырысында кеңес одағынан мемлекеттің егемендігі туралы декларация қабылдаған. 2002 жылы 12 маусым Ресейдің Еңбек кодексіне ресми түрде мереке ретінде енгізілді.
Еске салайық, 16 маусымда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келеді.