Астанада LRT-ның екінші вагондар құрамы рельске қойылды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Астанада осымен екінші LRT вагоны рельске қойылды / фото: Асқар Ахметуллин
Астанада осымен екінші LRT вагоны рельске қойылды / фото: Асқар Ахметуллин

Астана қаласында Abu Dhabi Plaza бизнес-орталығы маңында орналасқан №112 станцияға LRT-ның екінші вагондар құрамы рельске қойылды. Төрт вагон кранмен көтеріліп, эстакадаға орнатылды.

Рельстегі вагондардың бәрі 2025 жылы қыркүйек айында алғаш рет техникалық сынақтан өтеді. Вагондарды орнату бар болғаны 11 минутқа созылды.

Осының бәрін ондаған қала тұрғыны сырттай бақылап, суретке түсіріп тұрды.

Бір күн бұрын №101 бекетте екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік құрамы көтерілген.

Құрылысы 14 жылға созылған LRT биыл күзде сынақ ретінде  іске қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз