Тимур Турловқа тиесілі «Фридом Финанс» қаржы агенттігі тексергені туралы мәлімдеді

Жарияланды 12 Маусым 2025 20:02

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
«Фридом Финанс» ҚНРДА тексеруінің қорытындысын жариялады / фото: shutterstock
«Фридом Финанс» ҚНРДА тексеруінің қорытындысын жариялады / фото: shutterstock

Тимур Турловқа тиесілі «Фридом Финанс» компаниясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген тексеру туралы мәлімет берді. Холдинг осындай тексеру болғанын, оның нәтижесінде хаттама толтырылғанын растады.

Компания мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша ашылған әкімшілік істердің бір бөлігі ғана қаралған, қалғаны әлі қарала жатады. Агенттік тексеруі 2024 жылғы 28 қазанда басталып, 6 желтоқсанда аяқталған. ҚНРДА Tradernet сауда платформасының жұмысын зерттеген.

«Фридом Финанс» өкілдерінің айтуынша, агенттік мамандары брокердің мобильді қосымшаға Face ID биометрия технологиясын қосуына шүйліккен. Банктерге қарағанда, заң брокерлерге биометрия мәліметтерін салыстыру үшін бөгде ақпараттық жүйелерді орнатуға рұқсат бермейді. Оны мемлекеттік компанияларда тексеру керек. Айта кетерлік жайт, брокерлер жұмыс істейтін басқа да юрисдикцияларда мұндай мәселе жоқ.

«Мобильді қосымшалардағы биометрияны анықтау – смартфондардың әдеттегі Face ID функциясы. Оны смартфон иесі өз таңдауына қарай пайдалана алады. Қарап отырсаңыз, банктердің мобильді қосымшасында мұндай фунцияға рұқсат берілген де, брокерлерге тыйым салынған болып шығады», – дейді компания өкілдері.  

Холдинг мәліметінше, 20 әкімшілік хаттама мобильді қосымшадағы Face ID функциясын қолдана отырып өтініш өткізген әрбір клиент үшін толтырылған. Тағы 21 хаттама дәл осындай себеппен, ҚНРДА Tradernet-те Face ID-ді өшіру талабынан кейін толтырылған. Алайда компанияға мобильді қосымшаны 2025 жылғы маусымға дейін өзгерту үшін уақыт қажет болды.

Компания осы олқылықты жойғанын, агенттік талабын 2025 жылғы 26 мамырда орындағанын айтып отыр. Оны ҚНРДА-ға тағы айыппұл шығармай тұрып ескерткен. «Фридом Финанс» компаниясының Tradernet мобильді қосымшасында осы уақыттан бастап клиенттерді танудың код-пароль жүйесі пайдаланылады.

«Мемлекеттік органдардың электронды қызметін пайдалану тәртібі жөніндегі нормативті актілердегі осындай олқылық, өкінішке қарай, компания пайдасына шешілмеді. Компания мемлекеттік базаларға байланысты Face ID қолдануды шектеуді атавизм деп есептейді. Соған байланысты тиісті заң актісін банк саласындағыдай өзгерту қажет деп санайды», – дейді «Фридом Финанс»

Бұған қоса, «Фридом Финанс» холдингтің елдегі ірі компаниялардың бірі екенін, миллиондаған клиентке қызмет көрсететінін, соған байланысты түрлі құзырлы мекемелердің бақылауында екенін, үнемі тексерілетінін атап өтті. Сол себепті ҚНРДА-ның тексеруін «Фридом Финанс» күтпеді деп айтуға болмайды.

2025 жылғы мамырда «Фридом Финанс» капитал көлемі жөнінен «Қазатомөнеркәсіпті» басып озды. Компания құны 10 млрд доллардан асты. Холдинг акцияларының құны артқан уақытта Тимур Турлов дәулеті 7,2 млрд долларға жетті. Сол кезде кәсіпкердің өзі Kaspi.kz қожайындарының бірі Вячеслав Кимді басып озып, Қазақстанның ең дәулетті адамына айналды.

2024 қаржы жылының үшінші тоқсанында (күнтізбеде 2024 жылдың төртінші тоқсаны) «Фридом» түсімді 57%-ға арттырып, 236,6 млн долларға дейін жеткізді. Холдингтің таза табысы 78,1 млн доллар болды.

Қазақстанда «Фридом Финанс» брокерлік қызмет көрсетумен айналысатын Freedom Broker (KASE-ге қатысушы) және Freedom Finance Global (AIX қатысушы) брендтерімен жұмыс істейді. Елде «Фридом Финанстың» басқа да еншіліс ұйымдары бар. Солардың ішінде Freedom Bank, Freedom Insurance және Freedom Life сақтандыру компанияларын атап өтуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз