Қазақстанда жұмыссыздар көбейді

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда жұмыссыздар көбейді / фото: shutterstock
Қазақстанда жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейіп барады / фото: shutterstock

Қазақстанда жұмыссыздар саны бір жылдың ішінде 13,3 мың адамға көбейген. Еуразия экономикалық комиссиясы осындай мәлімет жариялады.

2024 жылғы сәуірде жұмыспен қамту қызметтеріне 315,6 мың жұмыссыз азамат тіркелсе, биыл 328,9 мың адам есепке тұрған. Республикадағы жұмыс күшінің 3,4%-ы жұмыссыз жүр деген сөз.

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше бес елдің ішінде Қазақстанда ғана жұмыссыздар саны көбейген.

  • Арменияда жұмысы жоқтар саны 7,7 мыңға азайып, 36,9 мың адам болған;
  • Беларусь – 700 адамға қысқарып, 3,6 мың болған;
  • Қырғызстан – 13,2 мыңға азайып, 47,3 мың жұмыссыз қалған;
  • Ресей – 100 мың адамға қысқарып, 277 мың жұмыссыз тіркелген.

Осылайша, Қазақстан жұмыссыздар саны жөнінен Ресейдің өзін басып озған.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 4,6% болды.

2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда нақты жалақы небәрі 1,2%-ға өсті. Бұл – Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше бес елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіш.

Сондай-ақ оқыңыз